Бір топ ғалымдар, Халықаралық аграрлық және орман мелиорациясы орталығының Орталық Азия бойынша өкілдігінің коордианторы және бас ғылыми қызметкері Ниль Тевс (Niels Thevs) Германиядағы Грайфсвальд университетінің ботаника және ландшафтық экология институтының зерттеушілері Фолькер Бекман (Volker Beckmann) және Алтын Халил (Altyn Khalil), сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Руслан Салмұрзаұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы Іле өзені бойындағы судың ауыл шаруашылығы мен табиғи экожүйеде қолданылу мәселелерін зерттеді.
Орталық Азия әлемдегі жабық өзен бассейндерінен тұрады. Яғни өзендер теңізге қосылмай, соңында шеткі көлдерге немесе ішкі дельтаға қарай ағылады. Арал теңізінің тартылуынан кейін Балқаш көлі өзінің ауданы бойынша (17,000 км2) ірі көлге айналды. Іле өзені болса, Балқаш көліне жылдық су ағынының 70-80% пайызын жеткізеді. Іле атырауы (дельта) Орталық Азиядағы ең ірі табиғи және сулы-батпақты (8000 км2) кешен болып табылады. Бүгінгі күнге дейін өзінің бұзылмаған қалпын сақтауда. Орталық Азия секілді құрғақ аймақта, Іле өзенінің экожүйесі жемшөп, шикізат, балық, көміртегін сақтау, және сапалы су секілді маңызды қызметтермен қамтамасыз етеді.
Сондықтан Іле өзені бір жағынан, Іле атырауы мен Балқаш көлдеріндегі ағыстарды табиғи экожүйемен және егіншілікті сумен қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Екінші жағынан, Іле өзені трансшекаралық өзен оның үштен екісі Шыңжаңда жинақталып Қазақстанға қарай ағып келеді.
Қазіргі таңда, Іле өзені бойындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің баcым көпшілігі Қытай территориясында орналасқан. Ауыл шаруашылығы жерлерінің екінші үлкен аймағы Алматы мен Қапшағай су қоймасы аралығында орналасқан. Ал, Іле өзені бойындағы табиғи экожүйелер Қазақстан территориясында орналасқан. Соған байланысты, Іле өзені суын пайдаланушы Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы мен табиғи экожүйелерді қолдану бойынша бәсекелестік байқалады. Бәсекелестік климат ауысу мен өзен ағынының жетіспеушілігін туғызатын мұздықтардың еруінен одан күшейуі мүмкін. Қазірдің өзіндегі бәсекелестік Іле өзеніндегі суды шектен тыс пайдалану туралы талқылауларға себеп болуда.
1998 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша кеңестер өткізіп келді. 2001 жылы екі үкімет арасында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау туралы келісімге қол жеткізілді. Осы келісімге сәйкес, трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау туралы біріккен қазақ-қытай комиссиясы құрылды. Біріккен комиссия 2003 жылдан бері Іле өзені бойынындағы су сапасы және табиғи апаттар бойынша жыл сайынғы кездесулер өткізіп келді. Алайда, Қазақстан мен Қытай арасындағы суды бөлу мәселесі талқыланбады және қарастырылмады.
Зерттеуде Қытай және Қазақстан тарабы арасындағы Іле өзені бассейніндегі ауыл шаруашылығы және табиғи экожүйелер мақсатындағы суды пайдалануы қарастырылған. Суды пайдалану өзеннен ағып шығатын эвапотранспирация (атмсофераға бу түрінде жиналатын ылғалдың сандық көрсеткіші) негізінде зерттелген. Эвапотранспирация мөлшері 2000, 2005, 2009, 2010, және 2014 жылдарға арналған орта деңгейлі спектодинаметр спутник арқылы (Moderate Resolution Imaging Spectroradiometer) өлшенген.
1970-2013 жылдар аралығындағы Іле өзені бассейніндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылуы көлемі (га)
Мемлекет | 1970 ж. | 1990 ж. | 2001 ж. | 2013 ж. |
Қазақстан | 1,242,170 | 1,093,362 | 613,317 | 492,958 |
Қытай | 572,294 | 630,928 | 808,551 | 940,276 |
Барлығы | 1,814,464 | 1,724,290 | 1,421,868 |
1,433,234
|
Іле өзені бассейніндегі ауыл шаруашылығы, жағалаудағы өсімдіктер және негізгі су объектілерінің суды қолдану деңгейі 2000 жылы 14,3 км3 ал, 2005 жылы 17,2 км3 дейін өсіп, одан кейін деңгейі төмен түсе бастады. Аталған көрсеткіштердегі жалғыз ерекшелік 2010 жылы өзен суын пайдаланудағы 2009 және 2014 жылдармен салыстырғанда шамалы өсім байқалады. Ал 2014 жылы су пайдаланудың көлемі 2005 жылдан бері бірінші рет ең төмен деңгейде болды. Жалпы алғанда судың ең көп мөлешері ауыл шаруашылығына жұмсалады.
Егер де Іле өзені бассейніндегі жылдық орташа су ағысы ұзақ мерзімде 22,87 км3 болатын болса, Балқаш көліндегі су қолдану деңгейі 5,7 км3 пен 8,5 км3 көлемінде болады. Іле өзенінің Қазақстандағы бөлігіне судың жету тиімділігі төменірек. Соған орай, Іле өзенінің Қазақстан жағындағы каналдарды қалпына келтіру және суландыру жүйесін тамшыландыру әдісі арқылы модернизациялау – ауыл шаруашылығындағы суды әледеқайда тиімді пайдалануға әсер етеді.
Дегенмен де, Балқаш көліндегі судың көлемі 1980 жылдан бері екі есе өсті. Алайда суды қолдану деңгейі жоғары болғандықтан, су ағысы 1960 жылға дейінгі деңгейге жетпеді. Оның себебі, Іле өзенінің бастауынан ағатын су көлемінің өсуі. Өз кезегінде су көлемінің өсуі соңғы кездегі мұздықтардың еруін жылдамдауы мен климат өзгеруіне байланысты болып отыр.
Қазірге дейінгі аралықтың өзінде Іле өзенінің жоғары ағысы яғни Қытай бөлігіндегі судың қолданылу көлемі артып келеді. Сонымен қатар, бұл өзеннің төменгі ағысындағы үлкен көлемдегі экожүйе суды қажет етеді. Алайда, 2014 жылы Іле өзеніндегі ағыс көлемі өз азаюын көрсетті. Ал өзеннің қазақстандық жағалаудағы экожүйе бөлігі, әсіресе Іле дельтасы суды аз қолданды. Бұл сәйкесінше, экожүйелер өнімділігінің төмендеуіне алып келді. Іле өзенінің жоғары және төменгі ағысының мәселесі бойынша, Іле өзенінің Қытайдағы бөлігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы судың көп қолданылуы өзеннің Қазақстандағы бөлігінің суды аз пайдалануы негізінде жүзеге асты.
Климат өзгерісіне байланысты Орталық Азияның өзендеріндегі судың ағысы айтарлықтай азаяды. Орталық Азияның көптеген өзендері секілді, Іле өзенінің су ағысы төмендеген кезде, Балқаш көлі мен Іле дельтасының қазіргі көлемі мен деңгейін сақтау мақсатында Қазақстан мен Қытайдағы суды пайдалану деңгейін азайтуға тура келеді. Іле өзені бассейінің бойында, суды аса көп қолданатын күріш, жүгері және мақта секілді дақылдарды қысқартып, ең кемінде ары қарай кеңейтпеу қажет. Ал суды аз қолданатын бидай немесе зығыр секілді дақылддарды өсіру орынды.