Бiз туралы

Q-Analytics – Қазақстан қоғамы, экономикасы, саяси өмірі, тарихы жайлы эксклюзивті ақпаратпен және сыни пікірмен бөлісетін қазақ тіліндегі веб-ресурс. Біз қазақтілді оқырманға объективті, бейтарап әрі деректерге негізделген пікірлерді ұсынамыз. Бұл ресурста біз шетелдік ғалымдардың, зерттеу орталықтарының, ақпарат құралдарының Қазақстан жайындағы әлі көпшілікке жетпеген жарияланымдарымен таныстыруға назар аударамыз. Біз шетелдердің Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеумен айналысатын ғалымдарымен, ғылыми орталықтарымен, халықаралық ұйымдармен және ақпарат құралдарымен байланыс орнатып жатырмыз.

Q-Analytics – батыстық зерттеу мен білім алу тәжірбиесі бар жас сарапшылар жетекшілік ететін қазақстандық жоба. Жоба жетекшілері:

Мұхтар Сеңгірбай  – Саясаттану бойынша PhD доктор (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан), Ғаламдық бейбітшілік және конфликт процестер бойынша ғылым магистрі (Абердин университеті, Ұлыбритания). Абердин университетінің Конфликт, транзит және бейбітшілікті зерттеу институтында тағылымдамадан өткен. ТМД-дағы этносаралық конфликтілер, ұлттық және этностық бірегейлік бойынша зерттеу жасап жүрген сарапшы.

Берікбол Дөкеев – Джордж Вашингтон университетіндегі Сentral Asia Program бағдарламасында тағылымдамадан өткен жас сарапшы. Қазақстанның зерттеу орталықтарында, халықаралық ұйымдарда зерттеу жобалары бойынша жұмыс тәжірбиесі бар. Берікбол Бішкектегі ЕҚЫҰ (OSCE) Академиясында “Орталық Азиядағы саясат және қауіпсіздік” мамандығы бойынша магистратураны және Әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ-дың  бакалавриатын“Саясаттану” мамандығы бойынша аяқтаған.

Шалқар Нұрсейітов – Джордж Вашингтон университетінің “Медиа және стратегиялық коммуникация” мамандығы бойынша магистранты. Қазақстан президентінің “Болашақ” бағдарламасының стипендиаты. Қазақстандық жастар ұйымдарында, саяси зерттеу орталықтарында,  Internews халықаралық ұйымы мен Washington Media Group компаниясында жұмыс тәжірибесі бар.  Шалқар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриатын “Саясаттану” мамандығы бойынша бітірген.

Альбина Тортбаева  – Сулейман Демирел атындағы университетте  «Білім беру бакалавры», КИМЭП Университетінде  «Халықаралық журналистика магистрі» дәрежелерін алған. British Council және IREX тәрізді халықаралық ұйымдардың білім-ғылым бойынша халықаралық жобаларының жетекшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Сорос — Қазақстан» Қорының қоғамдық саясат бойынша жас сарапшы мамандарды дайындауға арналған бағдарламасында тағылымдамадан өтіп жатыр.

Q-Analytics жобасымен әріптестік орнату, сұхбат немесе шолу жариялау, басқа да мәселелер бойынша мына байланыс құралдары арқылы хабарласа аласыздар:

qanalytics@gmail.com  +7 775 819 89 15

Кез-келген материалды көшіріп басқанда Q-Analytics сайтына міндетті түрде гиперсілтеме қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Авторизация


Username
Create an Account!
Password
Forgot Password? (close)

Create an Account!


Username
Email
Password
Confirm Password
Want to Login? (close)

forgot password?


Username or Email
(close)