Соғыс жылдарындағы қазақ тарихын бұрмалау негізіндегі Кеңестік мобилизация

Висконсин-Мэдисон Университетінің PhD докторы Роберто Кармак өз зерттеуінде Кеңес Одағы “Ұлы отан соғысы” майданында қазақ жауынгерлерінің мобилизациялау мақсатында жүзеге асырған пропаганда жұмысын сараптайды. Автордың пікірінше, Кеңестік үгіт-насихат ішіндегі ең маңызды құралдарының бірі Кеңестік және қазақ идеяларын біріктіру болды. Майдандағы жағдай өршіккен сайын, Кеңестік пропаганда күшейе берді. Сол бағытта пропаганда Кеңестік бағытқа қарай ұласып, қазақ тарихының маңызды бөліктері мүлдем басқа бағытта интерпретацияланды.

Майдан шебіндегі пропаганда ерекшеліктері

Алапат соғыс жылдардында қазақ жауынгерлері майдан шебінің барлығына да белсенді қатысты. Қазақ жауынгерлер санын арттыру мен рухтандыру үшін үлкен үгіт және насихат жұмыстары жүргізілді. Үгіт-насихатқа жауапты орган – Қызыл армияның бас саяси басқармасы болды (Главное политическое управление Красной армии – ГлавПУР КА). Бұл ұйым қазақ азаматтарын соғысқа аттандыруға рухтандырып, оларды орыс тілін еркін меңгерген, сауатты және мінсіз солдат әрі азамат етіп тәрбиелуге тырысты. Бұған қарамастан, партияның мобилизациялау құралдары сан алуан өзгерістерге ұшырады. ГлавПУР КА шенеуніктері арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының күрделілігі мен идеологиялық қарама-қайшылықтар үгіт-насихатқа айтарлықтай кедергі келтірмеді. Қайта ең басты кедергі – көп ұлтты Кеңес әскері арасындағы отанға деген адалдықты орнықтырып, Қызыл армия шебіндегі қазақ жауынгерлерін жеке біртұтас Кеңестік ұлттық топ ретінде сақтап қалу еді.

ГлавПУР КА Коммунистік партия тапсырмасымен 1929 жылы құрылды. Сол уақыттан бері бұл ұйым Орталық Комитеттің тәуелсіз құрылымы ретінде қызмет атқарады. Партия басшылығы ГлавПУР КА арқылы Қызыл армия жауынгерлеріне басып шығарылған баспасөз арқылы және ауызша түрінде үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырды. Аталған ұйым әскердің барлық құрылымдарында жұмыс атқарды. Соғыс жылдарында ұйым басшысы Щербаков ұлты орыс емес жауынгерлер арасында ГлавПУР КА-ның қызметін дамытуға тырысты. Алайда, ұйымның логистикалық және маман жетіспеушілігі қазақ және Орталық Азия басқа жауынгерлері арасында үгіт- насихат жұмыстарының жүргізілуіне кедергі келтірді. Пропаганданың негізгі қызметі орыс тілін меңгерген жауынгерлерге арналды. Соған байланысты, басқа тілдергегі мысалы, қазақ жауынгерлеріне үгіт-насихат жұмыстары жеткіліксіз болды.

Үгіт-насихат жұмыстарын жергілікті баспасөз орыс тіліндегі материалдарды қазақ тіліне аудару арқылы жүргізді. ГлавПУР КА басшысы Щербаков 1942 жылы ұлты орыс емес халықтар арасындағы насихаттың нәтижелілігін тексеру мақсатында майдан алаңдарына бірнеше инспекторлар жіберді. Комиссия ұлты орыс емес халықтар арасында бірдей насихат техникаларын қолданғандығын және жергілікті халықтардың ұлттық тілі мен дәстүрін ескермегендігін сынға алды. Ұйым туындаған мәселені Орталық Азия мен Кавказдан келген үгіт насихатшылардың санын арттыру арқылы шешуге тырысты. Олар болса, жергілікті тілдерді жетік меңгерген еді. Алайда, насихатшылардың саны толықтай жетпеді. Ұлты орыс емес жауынгерлер арасындағы саяси насихат жүргізуге жауапты болған директор Сәрсен Аманжолов, 1943 жылғы қазан айындағы баяндамасында майдан шебіндегі насихатшылардың ешқайсысы жергілікті тілдерді меңгермегендігін және жауынгерлермен жұмыс жүргізе алмағындығын хабарлайды.

Мәселелердің көбісі Қызыл армия өзінің ұлттық құрамы туралы ақпараттан беймәлім болғандықтан туындады. 1944 жылдың сәуірінде ГлавПУР КА басшылығы Қызыл әскер құрамындағы ұлты орыс емес жауынгерлер және сержанттардың нақты саны жайлы ешқандай мәлімет болмағандығын хабарлады. Соған байланысты, үгіт-насихат тобы майданға қажетті орыс тілінен басқа тілдеріндегі газеттер, насихат қағаздары және басқа пропаганда құралдарының санын тек болжап қана біле алды. Одан басқа, ГлавПУР КА басшылығы түркі халықтарының барлығы қазақ не татар тілдері арқылы тілдесе алады деп есептеді. Өз кезегінде, осындай мәселелер үгіт-насихат жұмыстарын күрделендірді.

Насихаттағы қазақ тілінің орнына орыс тілін қолдану

Қазақ коммунистік партиясының өкілдері және Ағарту комиссариаты жауынгерлердің майданға дайындау кезінде орыс тілін оқытты. Алайда, оның деңгейі және мерзімі шектеулі еді. Соғысқа қатысқан көптеген ардагерлердің жазбалары, майдан шебіне келген қазақтар орыс тілінде сөйлей алмайды және түсінбейді деп хабарлады. Соғыс ардагері Мұхаммед Шаяхметов өз естеліктерінде бұл жағдай барлығына ортақ болған деп жазып қалдарды.

Шаяхметов Семейдегі әскери жасақтау құрамына 1942 жылдың шілдесінде қосылды. Ардагер өз жазбаларында, қазақтарды екі айлық жаттығулардан кейін соғысқа аттандыратын деп баяндайды. Онда ешқандай орыс тілін үйретпейтін. Майдан шебіне келген қазақ жауынгерлері басшылықтың әскери бұйрықтарын түсінбей, толықтай жауынгер ретінде қызмет атқара алмады. Жауынгерлер орыс тілін білмегендіктен олармен үгіт-насихат туралы сөйлесуде қиындықтар туындады.

Бір жағынан, жауынгерлерге орыс тілін әскери бұйрықтарды түсіну деңгейінде үйрену жеткілікті еді. Екінші жағынан, ГлавПУР КА майдан шебінде тез арада идеологиялық және ақпарат жұмыстарын жүргізуге міндетті болды. Қазақ және басқа ұлттар әскери бұйрықтарды орыс тілінде түсінгенімен, ал тілі күрделі идеологиялық және үгіт-насихатты ол тілде ұғына алмаушы еді. Бұл мәселені екі тілді еркін меңгерген насихатшыларды пайдалану арқылы шешуге болатын еді. Алайда, 1938 жылы орыс тілі барлық Кеңес азаматтарына ортақ тіл болып бекітілді. Соғыс кезінде, ГлавПУР КА-ның басты тапсырмасы орыс тілін ортақ кеңестік тіліне айндалдыру қажет еді. Алайда, орыстандырудың жүзеге асқандығының нақты дәлелдемелері жоқ. Оның орнына, ГлавПУР КА қазақ жауынгерлерінің лингвистикалық бірегейлігін сақтай отырып, сол мезетте оларды орыс тілді әлеммен таныстыруды мақсат етті. Алайда, майдан шебіндегі саяси үгіт-насихатты орындаушылар, қазақ және орыс тілдерін тең сипатта қарастырмады. Олар орыс тілін Кеңес одағы мәдениетін игерудің ең басты тілі, ал қазақ жауынгерлері өздерінің “мәдени деңгейін” арттыру үшін орыс тілін үйрену қажет деп есептеген. Соған сәйкес, орыс және қазақ тілдері бір-бірін толықтырушы тілдер болды. Бірақ, орыс тілі барлық Кеңес азаматтары ұмтылатын жоғары саяси мәдениет тіліне жатты. ГлавПУР КА соғыс алаңындағы орыс тіліндегі насихатқа көңіл бөлмегендіктен, майдан шебінде насихат жүргізетін саяси қызметкерлер орыс тілін кең сипатта таратуға мүмкіндік алды.

Қазақ тарихын пропаганда құралы ретінде пайдалану

Соғыс кезінде, ГлавПУР КА көпұлтты кеңес жауынгерлеріне бірдей насихат жүргізу қажет деп есептеді. Олар жауынгерлерді фашистік басқыншыларға тойтарыс беру, Кеңес Одағына, Коммунистік партия және Сталинге деген махаббат арқылы рухтандырды. Сонымен қатар, ГлавПУР КА ұлты орыс емес әскер құрамын басқа тәсілдер арқылы насихаттау жайлы тапсырма берді.

Соғыс кезінде, ГлавПУР КА насихатшылары қазақ жауынгерлерінің Кеңес Одағы мен орыс халқына адалдығы мен сенімділігін арттыру үшін кейде бір-біріне қарама-қайшы бірнеше нарратив ұсынды. Мәселен, Сталинград шайқасы кезінде қазақ және басқа ұлттарға қайрат беру үшін орыс тарихының өткен батырлары жайлы насихат жүргізді. Насихат жұмыстары өткен кезеңдегі орыс жерін шетелдік басқыншылдардан қорғаған батырларды мысалға келтірді. Қазақстандағы жергілікті басылымдар көпұлтты Қызыл әскердің барлығы өткен кезеңдегі орыс әскерлерінің қаһармандығынан сабақ алу қажет деп есептеді. Орыс халқының ұлттық мінезінің ерекшеліктерін айқындау арқылы, орыс халқы көпұлтты Кеңес Одағының “үлкен ағасы” деген нарративі қалыптастырды. Бұл нарративтің маңызды құрамдас бөлігі кеңестік қазақ патриоты болу Кеңес Одағы, Ресей және Қазақстанға адал болу деп көрсетілді.

ГлавПУР КА саяси органдарды жергілікті қазақ тарихындағы батырларды рухтандыру үшін пайдаланбағандығын сынға алды. Бұл мақсатта қазақ тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен тұлғаларды қолдану жүзеге асырыла бастады. Қазақ батырларының ерліктерін “жасап шығару” 1941 жылдың тамызында қазақ жауынгерлері Мәскеуді және Кеңес Одағының басқа аймақтарын қоруғауға келгенде басталды. 1941 жылы қыркүйекте «Казахстанская Правда» 1916 жылғы көтерілістің 25 жылдығына арнап арнайы шығарылым дайындады. Аталған көтерліс жергілікті қазақ таптары арасындағы күрес ретінде көрсетіліп нацистік Германияға қарсы күресте қазақ жауынгерлерін қайраттандыру мақсатында қолдандылды. Соғыс кезінде, 1916 жылғы көтерліс қазақ қоғамы бөлініп өзара жанжалдасқан кезең болды деп сипатталды. Шын мәнісінде, бұл көтерліс патшалық отаршылдық саясатқа қарсы бағытталған еді. Сол арқылы, Кеңес үкіметі қазақ және орыс халқы арасында жанжал болмаған, олар әрдайым достықта өмір сүрген және орыстар сыртқы жаудан қорғап қалған деген пікірді қалыптастырылды. Сталинград шайқасы кезінде, Ресей қазақ жерлерін жоңғар басқыншылығынан сақтап қалған деген қағаздар таратыла бастады. Сол арқылы Кеңес үкіметі патша үкіметінің отаршылдығын ақтап қалуға тырысты. Нәтижесінде, орыс халқы қазақтарды ішкі таптық жанжалдан және сыртқы жаулардан қорғаған мемлекет ретінде көрсетілді. Ескере кету қажет, бұл жерде Ресей емес, қазақтар орыс халқынан көмек сұраған деген пікір қалыптастырылды.

Ал 1944-45 жылдарда майдан шебіндегі пропаганда мүлдем басқа бағытқа қарай ойыса бастады. Яғни, насихат өткен тарихтан cоғыс кезіндегі батырларға қарай көшті. Батырлықпен қаза тапқан Николай Гастелло, Зоя Космодемьянская, және Александр Матросовтардың есімін әрбір Кеңес жауынгері жатқа білді. Бұл батырлар ұлттық сипатта емес, Кеңес Одағына ортақ батырлар ретінде қалыптастырлды. Батыр тұлғалар міндетті түрде бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын, Қазақстанда туып өскен болатын. Сол арқылы ГлавПУР КА географияға негізделген көпұлтты қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға тырысты.

 ПОДПИШИТЕСЬ, ЧТОБЫ БЫТЬ ПЕРВЫМ В КУРСЕ СОБЫТИЙ 

comments powered by HyperComments